Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің 1/8 финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық теннисші доданың үшінші айналымында, дүниежүзілік рейтингте 22-орында тұрған испаниялық Паула Бадосамен кездесті. Елена 1 сағат 36 минут созылған тартысты кездесуде қарсыласынан 6:3, 7:5 есебімен басым түсті.
Менің бүгінгі қарсыласым өте тәжірибелі. Біз бұл ойынға дейін бес рет кездестік және оның төртеуінде Паула жеңіске жткен болатын. Сондықтан, бұл матч қиын өтті. Мен жеңіске жетем деген оймен шықтым. Қарсыласқа мүмкіндік бермеу үшін барымды салдым, - деді Елена Рыбакина.
Айта кетейік, Бадоса осы турнирді 2021 жылы жеңген болатын. Рыбакина 1/8 финалда әлемнің 8-ракеткасы Ресей өкілі Дарья Касаткинамен немесе рейтингте 66-орындағы Варвара Грачевамен кездесуі мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дауыс беру күні маска тағу ұсынылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы