Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасымен бірге жаттықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтетін турнирге қызу дайындық үстінде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Sports.kz cайты таратқан мәліметке сүйенсек, Уимблдон-2022 жеңімпазы әлемнің бірінші ракеткасы, биыл «Ролан Гарростың» чемпионы атанған поляк спортшысы Иго Свёнтекпен бірге жаттығу өткізді.
Рыбакина Торонтадағы турнирде ертең, 8 тамыз күні ойынын бастайды. Осы турнирдің алдында WTA рейтингінде 23-орында тұрған Елена Рыбакина АҚШ-тағы Сан-Хоседе өткен ойында сәтсіз өнер көрсеткен болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
9 пациенттің жағдайы өте ауыр
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы