13 Қаңтар 2025 2025, 12:02 Фото: Jimmie48 Photography, WTA

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде төмендеді

Әйелдер теннисі ассоциациясы (WTA) соңғы ойындарды саралап, әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әйелдер теннисі ассоциациясы (WTA) соңғы ойындарды саралап, әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Рейтинг нәтижесінде Елена Рыбакина 7-сатыға төмендеді. Оның орнына, яғни, 6-сатыға америкалық Джесика Пегула жайғасты. 

Тағы бір отандасымыз Юлия Путинцева 23-орынға көтерілді. Өткен аптада Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына дейін жеткен ол өзінің жеке рекордын тағы бір жаңартты. Бір апта бұрын ол 29-дан 25-ке жоғарылап, өзінің спорттық жолындағы жоғары көрсеткішьердің біріне қол жеткізген еді.

Жұптық сында Қазақстанның Анна Данилина 23-тен 22-ге көтерілсе, Жібек Құламбаева бұрынғыша 156-да тұр.