Елена Рыбакина Әбу-Дабидегі теннис турнирінің екінші айналымына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жылдың алғашқы жарысының 6-ракеткасы болып тіркелген Елена Рыбакина алғашқы айналымда рейтингте 394-орында тұрған италиялық Лукреция Стефанинимен шеберлік байқасты, деп хабарлады olympic.kz.

Қазақстандық теннисші 21-де болса, одан бір жасқа үлкендігі бар Л.Стефанини негізгі додаға іріктеу сайысының жеңімпазы ретінде қосылған еді. Бірінші партияда қазақстандық спортшы 5:0 есебімен алға кетті. 

Қарсыласы бір гейм алғанымен, Елена сетті қиналмай бітірді – 6:1.  Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте Е.Рыбакина брейк жасай алды. Дегенмен қарсыласы қарап қалмай, таразы басын теңестірді – 3:3. 

Бұдан кейін Елена брейкпен есепті 5:3-ке жеткізді. Содан соң матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:3. Бәсеке тура бір сағатқа созылды. Елена Рыбакина екінші айналымда Нидерланды елінің өкілі Аранча Рус немесе қытайлық Сиюй Ванның біреуімен кортқа шығады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы