Елена бүкіл қазақстандықтарды біріктірді - Қошанов

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов өз парақшасында Australian Open турнирінің финалында қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның тартысты ойынына куә болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ол финалды нағыз мықтылардың сайысы деп бағалады. Бұл жолы «Үлкен дулыға» бізге бұйырмаса да, Елена бүкіл қазақстандықтарды біріктіріп, нағыз спорт мерекесін және елге деген мақтаныш сезімін сыйлағанын айтты. 

Елена Рыбакина небәрі 23 жасында теннистегі ең беделді екі турнирдің финалында өнер көрсетті және бұл оның спортағы жетістіктерінің бастауы ғана. Ол алдағы бірнеше жылда «Үлкен дулыға» саналатын төрт бірдей турнирдің бәрінде жеңіске жетіп, әлем тарихындағы ең мықты теннисшілердің қатарына қосылатынына бек сенеміз, - деп жазды ол. 

Сондай-ақ бүгін Мельбурнде аяқталған теннистен жасөспірімдер арасындағы Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy турнирінде 14 жастағы жерлесіміз Альбина Кәкенованың керемет ойын көрсеткенін де атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы