Электросамокат ережесін бұзған компаниялар жауапқа тартылып жатыр
Электросамокат жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін жиі бұзуы қоғамда алаңдаушылық тудырып отыр. Осыған орай, Ішкі істер министрі Ержан Саденов бұл мәселені түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жалпы, заң бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Қазіргі таңда осы талаптарды сақтамағаны үшін бірқатар компания жауапқа тартылып жатыр, – деді министр.
Оның айтуынша, мәселенің екінші жағы – қалалардағы инфрақұрылымның жеткіліксіздігі.
Шын айту керек, еліміздің әр қаласында инфрақұрылым жеткілікті емес. Бұл мәселені әкімдіктермен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп талқылап жатырмыз. Ұсыныстарды жинап, шешу жолдарын қарастырудамыз, – деді Саденов.
Сонымен қата, министр жауапкершілікті тек бір тарапқа арту дұрыс емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, тиісті заңнамалық база жасалып, ережелер нақты айқындалуы тиіс.
Қазір осының барлығын ретке келтіру үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр, – деп түйіндеді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы