«Электрондық үкімет». Қазақстан ТМД-да көш бастап тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды

Қазақстан 2020 жылы «электрондық үкіметті» дамыту көрсеткіштері бойынша БҰҰ рейтингінде (UN Global E-Government Development Index) 193 елдің ішінде 29-орынды, ал ТМД елдері арасындағы рейтингте 1-орынды иеленді, - деп жазды Анар Жаилғанова.

Сондай-ақ агенттік төрағасы қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтер тізімінде 686 қызметтің 94,4%-ы (648) электрондық форматқа көшірілгені туралы айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы