Электронды үкімет порталы қайта құрылады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Арман Әбдірасылов Электронды үкімет порталы модернизацияланатынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, биылдан бастап Электронды үкімет порталының қосымша алаңы іске қосылған. 2008 жылы қолға алынған жоба осы жылдың үшінші тоқсанында іске қосылыпты.

Енді үкіметтік 12 порталдың қосымша қоры құрылады, бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Соңғы 2-3 айда Электронды үкімет порталы «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның еншілес компаниясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-на басқарылуға берілді. Бұл модернизация жұмыстарын жеңілдетуге, қателіктерді түзетуге және басқа да техникалық шараларды оңтайландыруға жағдай жасайды, - деді Арман Әбдірасылов.

Сонымен қатар ол Электронды үкімет порталы мен оның барлық құрылымын модернизациялауға 2 млрд теңгеге дейін инвестиция тартылатынын айтты. Оған қоса модернизация жұмыстарының басым бөлігін жыл соңына дейін аяқтап, жаңа жылдан бастап қайта құрылған Электронды үкімет порталын іске қосуды жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы