Электронды шот-фактура жазуға міндеттілер қатары өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) енгізілген толықтырулар мен өзгетулерге сәйкес, электронды шот-фактуралар жазып беруге міндетті салық төлеушілер қатары өседі, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.
Аталған толықтырулар Салық кодексінің 412-бабына енгізілген. Электронды шот-фактуралар жазып беруге міндетті салық төлеушілердің тізбесі келесі санаттармен толықтырылады:
- электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі арқылы қосылған құн салығын төлемейтіндер;
- құны 1 000-еселенген АЕК-тен асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелмеген резидент-заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелер мен орта білім беретін мемлекеттік ұйымдарды қоспағанда), қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар;
- жүктерді халықаралық тасымалдау қызметтерін көрсететін салық төлеушілер.
Түзетулер 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енеді.