Электронды сайлау тиімді ме?

Бұл туралы Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, «AMANAT» партиясы Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары Динара Сәдуақасова мәлімдеді, деп жазады BAQ. KZ тілшісі.

Біріншіден, электронды өткен сайлаудың нәтижесіне көпшілік сеніңкіремей қарайды. Мәселен, 2020 жылы Қырғызстанда өткен Парламент сайлауында электронды сайлаудан бас тартуға тура келген. Себебі, сайлаушылар мұндай форматқа сенбеді. Екіншіден, халық дауыс бергенде, ЖСН және басқа да қажетті құжаттарындағы ақпараттар таралып кетуі мүмкін. Ондай болмас үшін өте сапалы жүйе керек. Осындай жағдай Швейцарияда өткен сайлауда орын алып, науқанды тоқтатуға тура келген. Үшіншіден, электронды есептеуіштің бағасы қымбат. Ресейде бұл құрылғының бағасы 500 мың рубльден басталады. Ал біздің ақшамен есептесек, бір құрылғының құны  4 млн теңгеге жуықтайды. Оның үстіне елімізде 10 мыңға жуық сайлау учаскесі бар, - деді Динара Сәдуақасова.

Сонымен қатар «AMANAT» партиясы Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары электронды дауыс берудің ұтымды тұстарын да атап өтті.

Біріншіден, сайлаудың ашықтығын қамтамасыз етеді. Екіншіден, дауыстарды санау процедурасын жеңілдейді. Үшіншіден, сайлаушылардың белсенділігі артады. Төртіншіден, жаппай жиындар санын азайтады, бесіншіден, сайлау науқаны жетіледі. Жалпы халықаралық тәжірибеге сүйенсек, электронды дауыс беру жүйесі 39 мемлекетте бар. Оның ішінде 12 елдің бүкіл өңірінде заңдастырылған. Ал бұл тәжірибені қолданатын басқа мемлекеттің тек кейбір аймағында өтуі мүмкін. Ал заң бойынша толықтай енгізген 12 мемлекет бар, - деді Сәдуақасова. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше Мемлекеттік басқару академиясы орталығының басшысы, саяси ғылымдар кандидаты Жанар Бұқанова Қазақстанда неге электронды сайлау өткізілмейтінін айтқан еді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы