Электр энергиясын өндірушілер шығынының артуына не әсер етті?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуниакциялар қызметінде өткен «Генерация секторының ағымдағы жағдайы және электр энергиясын өндіру тарифінің өзгеру мәселелері» тақырыбындағы онлайн брифингте Энергетика вице-министрі Қайрат Рахимов айтты.

Оның айтуынша, министрлік құзыретіне электр станцияларының жағдайын бақылау ғана емес, шекті тарифті бекіту құзіреті де енеді. Ал тұтынушылар үшін тарифті ұлттық экономика министрлігі белгілейді. Энергия өндіруші кәсіпорындар үшін шекті тариф мөлшері жеті жылға белгіленеді. Алайда электр энергиясын өндіруге кеткен шығын артқан жағдайда кәсіпорын шекті тарифті қайта қарауға ұсыныс жолдауға құқылы.

Өткен жылы және осы жылдың басында электр энергиясын өндіруші кәсіпорындарға тәуелді емес жағдайлардың салдарынан кәсіпорындар бірқатар қаржылық қиындыққа тап болды. Ең алдымен жанар-жағар май бағасы өсті. «Қаражыра» АҚ көмірі бағасының 8,6 пайызға артты. «Богатырь» көмір өндірушісі бағаны 9,9 пайызға өсірді. Тасымалдауға кететін шығын 7 пайызға артты. Бұл жерде энергия өндіруші кәсіпорындарының көмір разъездеріне қарызы 2 млрд теңгеге жуықтағаны, ал газ өндіруші кәсіпорындары алдындағы қарыз 4 млрд теңгені құрағанын атап өту керек. Жаңартылатын электр энергиясына кететін шығын 49 пайызға артты. Айлық есептік көрсеткіштің өсуімен бюджетке төленетін төлемдер көлемі де өсті, - деді ол.

Оның айтуынша, 2016 жылы салық төлеу 10,5 млрд теңгені құрады, 2021 жылдың қорытындысы бойынша осы көрсеткіш 14 млрд теңгеден асады.

Экологиялық төлемдер 2016 жылдан бастап шамамен екі есеге, 7,4 млрд теңгеден 2021 жылдың қорытындысы бойынша күтілетін 13,2 млрд теңгеге дейін ұлғайтылатын болады. Елімізге сырттан әкелінетін жабдықтар бойынша бағаның өсуіне байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын шығындар да ұлғайған.

Еске салсақ, бүгін Электр энергетика мамандары жалақының аздығынан басқа салаға кетіп жатқаны белгілі болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы