Электр энергиясы тарифтерін реттеу үнемі қадағаланады – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов ТМД электр энергетикалық кеңесінің 60 жылдық мерейтойлық отырысында айтты.

Үкімет қазір бұл мәселені қадағалауда ұстап отыр. Біздің министрлік те құзырлы орган ретінде баға қымбаттамауын қадағалап отырамыз. Тарифтерді реттеу әлеуметтік салаға жатады. Станциядағы қызметкерлердің жалақысы өспей, тарифтер көтеріліп жатады. Салада білікті мамандар болуы үшін жалақыны да арттыру керек. Осы орайда министрлік пен Үкімет нақты қадамдарды жүзеге асырып жатыр. Бұл жұмыстарды біз Ұлттық экономика министрлігі мен Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесе атқарып жатырмыз, - деді вице-министр. 

Ол атағандай, тарифтерді реттеуде тұтынушылардың да, сала қызметкерлерінің де мүддесі есептеледі. 

Отырысқа  Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Әзербайжан, Қырғыз, Армения, Беларусь, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан, сондай-ақ Түрікменстан өкілдерінің қатысты. 

Өткізілген отырыс аясында орнықты, төмен көміртекті электр энергетикасын дамытуды, ұлттық және өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті қолдауды ескере отырып, ТМД елдерінің жаңартылатын энергетика саласындағы ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды, сондай-ақ ТМД Электр энергетикалық кеңесі жанындағы Үйлестіру кеңесі енгізген бірқатар құжат қаралды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы