Төтенше жағдайға алаңдаудың керегі жоқ – президент кеңесшісі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі Ерлан Қарин төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты алаңдаудың қажеті жоқ екенін айтты.
Бұл негізінен вирустың кең көлемде таралмауына жол бермеу мақсатында барлық қажетті ресурстарды жұмылдырып, мемлекеттік органдардың жедел шешімдерді қабылдауы үшін керек, - дейді Ерлан Қарин.
Оның айтуына қарағанда, төтенше жағдайдың енгізілуі қажетті шешімдердің тиісті құқықтық режимде рәсімдеуге мүмкіндік береді.
Мемлекет қауіпті алдын алуда. Негізгі шаралар бұдан бұрын қабылданған, кейін кезең-кезеңмен, жағдайдың өзгеруіне сәйкес қосымша алдын алу іс-шаралары қабылданып жатты. Әрине, Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, жаңа шектеу шаралары болар, бірақ, жалпы халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін негізгі объектілердің жұмысы сақталынады. Мысалы, ойын-сауық орталықтарындағы дүкендер мен дәріханалар жұмыстарын тоқтатпайды. Бұл шешімдердің барлығы да бірінші кезекте xалықтың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету мүддесі тұрғысынан қабылдануда, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Күрішбаев студенттер мен университет ұжымына үндеу жасады
Өзгелердің жаңалығы