30 Қыркүйек 2026, 09:07
Фото: Сали Сабиров
Елдос Сметов Азиадада жартылай финалға шықты
Париж Олимпиадасының чемпионы Аичи-Нагоядағы додада қарсыласын иппонмен жеңіп, шешуші кезеңге бір қадам қалды.
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Азиадада жартылай финалға шықты.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында дзюдодан жарыс басталды.
60 келіде басты фаворит саналатын Елдос Сметов ширек финалда Аринболд Енхтейвенді (Моңғолия) иппонға түсірді.
Енді ол жартылай финалда Юнг-вей Янгпен (Тайпей) күреседі.
Айта кетейік, бүгін дзюдодан әйелдер арасында 48, 52 және ерлер арасында 60 пен 66 келіде жүлдегерлер анықталады.