Елдос Сметов Әлем чемпионатында бесінші орын алды
Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Елдос Сметов Әбу-Дабидегі әлем біріншілігін алғашқы бестікте аяқтады, деп жазады BAQ.KZ.
60 келі салмақта сынға түскен Сметов қола медаль үшін өткен белдесуде жапондық Таики Накамураға есе жіберді.
Жас жапондық балуан белдесудің негізгі уақытында Елдосты таза жеңді.
Осылайша, Елдос Сметов кезекті әлем біріншілігін жүлдесіз аяқтап отыр. Ол былтыр Дубайда өткен әлем чемпионатында да жүлде алмаған еді.
Ал Қазақстан еншісінде әзірге бір қола бар. Әйелдер арасында Абиба Әбужақынова үздіктер қатарына енді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Иран президенті мінген тікұшақ жоғалып кетті
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы