Елдің үш өңірінен өзге жерлерде вирусты жұқтыру көрсеткіші жоғары

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов айтты.

Оның айтуынша, сәуір айында елдегі эпидемиологиялық жағдай күрт төмендеді. 

Сәуір айнының басынан бері 29 200 жағдай тіркелді. Наурыздың осы кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе өсім байқалады. Павлодар, Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарын есепке алмағанда ауру барлық өңірде өршіп отыр. Жұқтырудың алпыс пайызы үш өңірге - Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Алматы облысына тиесілі, - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстан он төрт күннен бері қауіпті «қызыл» аймақта. Сонымен қатар елдің сегіз аймағы қауіпті аймақта орналасқан. Олар - Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қарағанды және Ақтөбе облыстары. Оның ішінде Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары «қызыл аймақтан» бір айдан бері шыға алмауда. Батыс Қазақстан облысы 24 күн, Батыс Қазақстан облысы үш апта және Алматы мен Ақтөбе облыстары екі апта, Атырау сегіз, Қарағанды тоғыз күн қауіпті аймақта орналасқан. Жеті өңір «сары» аймақта. Олар Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласы. «Жасыл» аймақта Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

Америка, Еуропа, Шығыс Жерорта теңізі, Оңтүстік шығыс Азия аймақтарында коронавирустың өршуіне байланысты ел тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша теріс сынамасы жоқ жолаушыларды борттан түсірмеу жөнінде нұсқаулық берілді. Қазақстанға шетелден анықтамасыз келген азаматтар саны азаюда. Сәуір айының 13 күнінде анықтамасыз 251 адам елге келді. Оның екеуінен КВИ анықталды. Наурыз айының ұқсас кезеңінде анықтамасыз келгендер саны 400-ден астам болып, 16-сынан вирус анықталған болатын, - деді ол

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы