Елдің ұраны, түстері және хэштегі: Қазақстанның ұлттық нышандар тізімі бекітілді
Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елдің тарихи-мәдени ерекшеліктерін айқындайтын ұлттық нышандардың тізімін жасау – әлемде кеңінен қолданылатын тәжірибе. Ұлттық нышандар елдің өзіне тән ерекшелігін тануға, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтуға және тарихи-мәдени мұрамызды сақтауға ықпал етеді, - делінген құжатта.
Осы мақсатта жалпыұлттық нышандардың мынадай тізімі айқындалады:
- ұлттық ұран – «Алға, Қазақстан!»;
- ұлттық түстер – аспан түстес көк, алтын сары түс;
- ұлттық кітап нышаны – Абайдың «Қара сөздері»;
- ұлттық бірлік нышаны – шаңырақ;
- ұлттық музыкалық аспап нышаны – домбыра;
- ұлттық өсімдік нышаны – қызғалдақ;
- отандық өнім шығарудың ұлттық белгісі – «Қазақстанда жасалған», «Made in Qazaqstan»;
- ұлттық хэштег – #Qazaqstan, #Kazakhstan.
Жалпыұлттық нышандардың осы тізімі елдің бірыңғай нышандар жүйесін және брендін қалыптастырады. Ұлттық нышандар жалпыұлттық айдентиканың, атап айтқанда, мемлекеттік органдардың, әкімшілік-аумақтық бірліктердің, білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінің, азаматтық қоғам институттарының базалық элементтеріне айналуға тиіс. Ұлттық нышандар салтанатты рәсімдерді, қоғамдық-саяси, гуманитарлық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу барысында қолданылуы мүмкін, - деп нақтыланды Жарлықта.