Елдің солтүстігінде күн суытады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның солтүстік өңірлерінде ауа температурасы төмендейді.

22 сәуірден бастап, елдің солтүстік жартысына суық солтүстік-батыс антициклоны келе бастайды, оның әсерінен күн суытады. Жаңбыр жауып, соңы қарға ұласып, температура түнде 3-8 аязға дейін төмендейді. Елдің батысы мен шығысында  жаңбыр жауып, шығыста қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.

Бірақ оңтүстік өңірлерде ауа райы жылы болады. Бұл аймақтарда найзағай ойнап, қысқа өткінші жауын жауып, жоғары температура фоны сақталатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы