8 Маусым 2022 2022, 15:35
Елдің оңтүстігінде ауа райы жаңбырлы болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бойынша 2022 жылдың 09-11 маусымына арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" жариялады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бойынша 2022 жылдың 09-11 маусымына арналған ауа райы болжамын "Қазгидромет" жариялады.
Солтүстік-батыс циклонымен, республиканың көп бөлігінде найзағай ойнап, қатты жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 11 маусымға жақын, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады.
Елдің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Солтүстік өңірлердегі күндізгі ауа температураның 20-28 жылуға дейін біртіндеп төмендеуін қоспағанда, температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.