Елдің ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 5,4% көбейді
Алматы, BAQ.KZ. Алдын ала деректер бойынша елдің ЕАЭО елдерімен 2022 жылғы қаңтар-сәуірдегі өзара саудасы 7 725,6 млн АҚШ доллары болды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 5,4% көбейді.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-сәуірдегі тауарлар экспорты 2 298,7 млн АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты (1,2% көп), импорт – 5 426,9 млн АҚШ доллары (7,4% көп).
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 93,1%, Қырғызстан Республикасына – 3,8%, Беларусь Республикасына – 3,1%, Армения Республикасына – 0,06% келеді.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы
(млн АҚШ доллары)
Экспорт | Импорт | |||
ЕАЭО елдері | қаңтар-сәуір 2021ж. | қаңтар-сәуір 2022ж. | қаңтар-сәуір 2021ж. | қаңтар-сәуір 2022ж. |
Ресей | 2 038,8 | 2 096,6 | 4 744,7 | 5 092,4 |
Қырғызстан | 193,0 | 177,7 | 83,4 | 117,6 |
Беларусь | 38,1 | 22,6 | 223,6 | 213,9 |
Армения | 2,1 | 1,8 | 3,0 | 3,0 |
Барлығы | 2 272,0 | 2 298,7 | 5 054,7 | 5 426,9 |
ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жасанды корунд (алюминий оксиді, алюминий гидроксиді) бойынша ең жоғарғы өсім – 3,2 есеге өсу байқалды. Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кендері мен концентраттары бойынша төмендеу байқалады (42,1% аз).
Импортта бидай мен меслиннің өсімі байқалады – 3,2 есе. Бұл ретте ЕАЭО елдерінен жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдарын алу көрсеткіші төмендеген (43,6 % аз).