Елдің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның басым аймағында қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде.
"Қазгидромет" 23 ақпанда Алматы, Астана, Шымкент қалаларында және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана – кей уақытта қар жауады, бұрқасын болады, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с.
Алматы – түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысы – түнде және таңертең оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман болады, жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15–20 м/с.
Қонаев – түнде және таңертең тұман, күндіз желдің екпіні 15–20 м/с.
Жетісу облысы – шығысында, орталығында және таулы аудандарында кей уақытта тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с, Алакөл маңында кей уақытта 23–28 м/с дейін жетеді.
Ақмола облысы – қар жауады, бұрқасын болады, көктайғақ. Түнде солтүстігінде және шығысында кей уақытта қалың қар жауады. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде және күндіз екпіні 15–20 м/с.
Көкшетау – қар жауады, бұрқасын, түнде кей уақытта қалың қар күтіледі.
Ақтөбе облысы – түнде және таңертең тұман.
Ақтөбе – түнде және таңертең тұман.
Павлодар облысы – қар жауады, бұрқасын, батысында және оңтүстігінде қалың қар күтіледі. Солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с, оңтүстігінде күндіз 25 м/с дейін жетеді.
Павлодар – қар жауады, бұрқасын, таңертең және күндіз желдің екпіні 15–20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы – қар жауады, бұрқасын, күндіз солтүстігінде және шығысында қалың қар жауады. Түнде оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15–20 м/с, күндіз 23–28 м/с.
Өскемен – қар жауады, бұрқасын, желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с.
Абай облысы
– түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауады, жаяу бұрқасын болады, күндіз қар және бұрқасын күтіледі. Оңтүстігінде көктайғақ, түнде оңтүстігінде тұман.
Семей – қар жауады, бұрқасын, желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с.
Жамбыл облысы – кей уақытта тұман. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде және күндіз екпіні 15–20 м/с.
Тараз – кей уақытта тұман.
Қарағанды облысы – түнде батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауады, бұрқасын болады, күндіз солтүстігінде және шығысында қар және бұрқасын күтіледі. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан соғады, екпіні 15–20 м/с.
Қарағанды – қар жауады, бұрқасын, кей уақытта тұман, желдің екпіні 15–20 м/с.
Ұлытау облысы – түнде және таңертең қар жауады, жаяу бұрқасын болады. Солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15–20 м/с.
Жезқазған – түнде қар жауады, жаяу бұрқасын, кей уақытта тұман.
Маңғыстау облысы – түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман. Жел шығыстан соғады, екпіні 15–20 м/с.
Қостанай облысы – түнде және таңертең қар жауады, бұрқасын болады. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15–20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы – түнде қар жауады, бұрқасын болады, күндіз шығысында қар және бұрқасын күтіледі. Батысында тұман. Жел солтүстіктен және солтүстік-шығыстан соғады, түнде екпіні 15–20 м/с, күндіз шығысында 15–20 м/с.
Петропавл – түнде қар жауады, бұрқасын болады, жел солтүстіктен және солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15–20 м/с.
Қызылорда облысы – орталығында тұман. Жел солтүстіктен және солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с.
Қызылорда – кей уақытта тұман.
Түркістан облысы – түнде және таңертең тұман, батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с.
Шымкент – түнде және таңертең тұман.
Түркістан – түнде және таңертең тұман.
Батыс Қазақстан облысы – тұман.
Орал – тұман.