Елдің 6 өңірінде педагогтердің біліктілігін арттыратын пилоттық жоба басталды

Елдің 6 өңірінде шағын жинақты мектеп педагогтерінің біліктілігін арттыруға бағытталған пилоттық жоба басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның алты өңірінде (Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, шағын жинақты мектеп педагогтерінің біліктілігін арттыруға бағытталған пилоттық жоба басталды, - деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Өрлеу педагогтерге не үйретеді? Шағын жинақталған мектептердің басшылары білім беру жүйесін цифрландыру, білім беру ортасын оқытудың жаңа тәсіліне бейімдеу дағдыларын дамытады. Мұғалімдер цифрлық технологияларды, онлайн коммуникацияларды, дифференциацияны және дараландыруды қолдана отырып сабақ өткізуді үйренеді, сонымен қатар онлайн ресурстарды пайдалану бойынша білімдерін жетілдіреді.

Бұл неге маңызды? Білім беруді цифрландыру - бұл уақытты сақтау қажеттілігі ғана емес, сонымен қатар барлық оқушылар үшін интерактивті, қол жетімді және оқу ортасын құру мүмкіндігі. Жоба білім беруді жаңа құрал, әдістермен байыта отырып, шағын жинақты мектептердің көкжиегін кеңейтеді.

Бұл жоба тек бастамасы ғана, ал 2024 жылы ол Қазақстанның қалған өңірлерінде іске қосылатын болады. Оқыту қыркүйек айының соңына дейін жалғасады, осылайша 5 000-нан астам педагог бірегей білім мен дағдыларға ие болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы