Елді мекендерден 5 млн текше метрден астам қар шығарылды - ТЖМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Бүгінгі таңда елді мекендерден 5 миллион текше метрден астам (5,3) қар шығарылды, 4 мыңнан астам (4 348) канал мен 5 мыңға жуық (4 949) арық, 4 мыңнан астам (4635) автомобиль және 2 мың (2272) теміржол су өткізу құрылыстары тазартылды. 200 мың (226,8) тоннадан астам инертті материалдар дайындалды. Халықпен 8 мыңға жуық (7857) жиын өткізілді, су тасқыны кезіндегі іс-әрекет ережелері бар 40 мыңнан астам (40663) ұсынымдар таратылды,- деді ол. 

Амрин атағандай, Ресей, Өзбекстан және Қырғыз Республикасы ТЖМ шекара маңы бөлімшелерімен өзендердегі су тасқыны жағдайы туралы деректермен алмасу ұйымдастырылды.

Кеше ғана Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы мәселесі қаралды.Ведомствоаралық комиссия Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетіне су қоймаларда тасқын суларды қабылдау үшін жеткілікті көлемнің болуын қамтамасыз етуді ұсынды, - деді ол. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы