Маңғыстаудың бүкіл елді мекеніне интернет тартылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың төрағалығымен жылыту маусымына дайындық, интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
2020-2021 жылыту маусымына дайындық барысы туралы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Хамиев баяндама жасады. Бүгінде облыс аумағында жылыту маусымына дайындық іс-шаралары бекітілген жоспарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Мәселен,
- білім беру – 453 бірлік (100% дайын);
- денсаулық сақтау – 104 бірлік (100% дайын);
- әлеуметтік нысандар– 140 бірлік (136 бірлік немесе 97,1 % дайын);
- тұрғын-үй қоры – 1705 бірлік (1681 бірлік немесе 98,5% дайын);
- автономды қазандықтар – 390 бірлік (387 бірлік немесе 99,2% дайын);
- жылу құбырлары – 5,2 шақырым ( 100 % жөнделді);
- электр желілері – 477,05 км (477,05 км немесе 100% жөнделді);
«МАЭК-Казатомөнеркәсіп» ЖШС жоспарланған 4 қазандық агрегатының 2-нің жөндеу жұмысы аяқталды (ТЭЦ-1, ТЭЦ-2 ст. №4 - 100%). Қалған ТЭЦ-2-дегі № 11 қазандық 75% аяқталды және № 3 қазандық желтоқсан айының соңына дейін аяқталу жоспарлануда.
МАЭК мекемесінің жоспары бойынша ТЭЦ-1 (ст.№4) мен ТЭЦ-2-де (ст.№3) орналасқан 2 турбоагрегаттың жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталды, қазан-қараша айында аяқталады.
Жалпы жылыту маусымы барысында «МАЭК-Казатомөнеркәсіп» ЖШС 9 қазандық, 9 турбина жұмыс жасап, 7 қазандық, 6 турбина резервте болады.
«Өзенжылу» МКК 3 қазандық жұмыс жасап, 3 қазандық резервте болады.
Ауа райы салқындаған жағдайда, энергоөндіруші кәсіпорындар жылу беруге дайын.
Соныме қатар, жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.
Ауылдық елді-мекендердегі талшықты оптикалық байланыс желісін тарту жұмыстарын бақылау мақсатында «Маңғыстау облысының елді мекендеріндегі интернет жылдамдығын арттыру бойынша атқарылатын жұмыстардың іс-шаралар жоспары» бекітіліп, қала-аудан әкімдіктеріне орындауға және бақылауға алуға жолданды. Осы уақытқа дейін мүлдем 3G интернеті жоқ Сенек және Жармыш ауылдары «Beeline» операторының 3G интернетіне қосылды; Шілде айында Таушық ауылына 3G технологиясы бойынша интернет тартылды; Маңғыстау ауданының осы уақытқа дейін ұялы байланыс интернеті мүлдем болмаған Шайыр, Ұштаған, Жыңғылды ауылдары және Бейнеу ауданының Төлеп ауылына ұялы байланыс интернеті қосылды - деді әкім орынбасары.
Оның ішінде Шайыр мен Ұштағанға 3G және 4G, ал Жыңғылды ауылына 3G қосылды; Тамыз айында Жармыш ауылына 3G интернеті қосылды; Бейнеу ауылының өзіндегі интернетті күшейтуге қосымша 6 базалық станция қойылды. Қыркүйек айында Түпқараған ауданының Ақшұқыр және Сайын ауылдарына, Мұнайлы ауданының Батыр ауылына 3G интернеті 4G-ге күшейтілді; 2020 жылдың 2-тоқсанында Рахат, Теңге ауылдарындағы интернетті күшейту және жақсарту бағытында біршама жұмыстар жүргізілді. Сонымен бірге, 100-ге жуық үйді қамтып тұрған мүлдем интернет жоқ Қызылсай ауылының бір бөлігіне интернет қосылды.
Барлық жұмыстар қала-аудан әкімдіктері тарапынан және Басқарма тарапынан тұрақты бақылауда. Елді мекендерді интернетпен қамту бағытындағы жұмыстар іс-шара жоспарына сәйкес жалғасатын болмақ.