Елдегі жоғары оқу орындары су ресурстары саласындағы озық тәжірибені қолданады

Еліміздің жоғары оқу орындары су ресурстары саласындағы озық тәжірибені қабылдайтын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Қазір су ресурстары мәселесі Қазақстан үшін ерекше маңызға ие. Су ресурстары саласында мамандар даярлау ҚР Үкіметінің ерекше бақылауында.

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Скандинавия елдерінің бизнес-қауымдастығы ENBA және Finnish water forum өкілдерімен кездесуінде айтылды.

Кездесуге Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша жұмыс тобының директоры Арво Нерман, Eurasian Nordic Business Association төрағасы Жәния Әділбек қатысты.

Фин делегациясымен кездесудің күн тәртібі су ресурстары саласында қазақстандық кадрларды даярлаудағы әріптестік, ғылыми ынтымақтастық, білім алмасу және озық әдістер мен технологияларды қабылдау болды.

Су қауіпсіздігі жөніндегі әлемдік сарапшыларға алғысын білдіре отырып, Саясат Нұрбек өз сөзінде бүгінгі таңда су ресурстарын ұқыпты және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету өзекті міндет болып табылатынын, оны іске асырудың маңыздылығына Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назар аударғанын атап өтті.

Қазақстанда су көп болғанына қарамастан, тұтыну мәдениеті одан да жақсысын қалайды. Фокус суды ұтымды пайдалануға ғана емес, сонымен қатар шынымен сауатты кадрларды дайындауға бағытталуы керек. Осы мақсатта жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының арасынан Консорциум құрылды. Сондай-ақ, өткен жылдың соңында Каспийдің экологиялық мәселелерін зерттеуге мегагрант бөлінді. Биылғы жылы атақты Ташкент суару және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының филиалы жұмысын бастады және Тараздағы гидромелиоративтік институтты қалпына келтіру қолға алынды. Сондықтан «Finnish water forum» тәжірибесі біз үшін өте маңызды және қажет, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Айта кетейік, Президенттің тапсырмасы бойынша су саласы үшін кадрлар даярлаудың флагманы болып саналатын екі базалық ЖОО – М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті анықталды. Олардан басқа тағы 7 университет бар: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ, ХОК, М.Әуезов атындағы ОҚУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ.

Келіссөздер барысында су ресурстары саласында қазақстандық кадрларды даярлауда серіктес болуға дайын 6 негізгі фин университетімен әріптестік туралы талқыланды.

Өз тарапынан финдер су ресурстарын басқару саласындағы 3 негізгі мамандық бойынша Оқу-білім беру материалдарын ұсынуға дайын: "Су ресурстарын қорғау және қауіпсіздік", "Су ресурстарын интеграцияланған басқару", "Су ресурстарын цифрлық зияткерлік басқару". Сондай-ақ шетелдік профессорлармен ғылыми-әдіснамалық көмек көрсету және қазақстандық оқытушы-әріптестердің су мәселесі бойынша үздіксіз оқыту үшін қамтамасыз етуге мүдделі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Өзгелердің жаңалығы