Елдегі сыртқы сауда тауар айналымы 86,3 млрд долларға жеткен

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Биыл қаңтар-тамыз аралығында сыртқы сауда тауар  айналымы 36,3%-ға өсіп, 86,3 млрд долларды құрады. Оның ішінде экспорт бойынша  көрсеткіш 50,6%-ға өсіп, 56 млрд долларға дейін жетті. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 36,5%-ға ұлғайып, 16,6 млрд долларды көрсетті. 30 млрд долларға тауарлар импорты жасалды. Жалпы, оң сауда балансы 26,4 млрд долларға тең болды, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, 9 айда, яғни қаңтар-қырқүйекте өндіріс көлемі 4,6%-ға өсті. 

Көрсеткіштің өсімі 16 өңірде тіркелді. Соның ішінде Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалуда. Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша өсу қарқыны машина жасау өндірісінде 7,6%, оның ішінде автомобиль жасауда – 17,8% және электр жабдықтарын жасауда – 11,5%, азық-түлік тауарлары – 3,7%, сусындар – 7%, пластмасса бұйымдары – 4,9%, дайын металл бұйымдары – 2,5%, химия өнеркәсібі тауарлары – 10,7% және киім өндірісінде – 7,3%-ды құрады. Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,1%-ке ұлғайды, - деді министр.

Сонымен қатар министр салалар бөлінісінде өсу тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсетудегі көрсеткіш – 18,4%-ға, көмір өндіруде – 2,1%-ға, газ және металл кендерін өндіруде – 0,6%-ға жеткенін атап өтті. 

Бұл ретте өндірістің өзге де пайдалы қазбаларды өндіруде 8,9%-ға төмендеуі тіркелді. Аталған кезеңде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 5,1%-ға ұлғайды. Көрсеткіштің оң өсуі 17 өңір бойынша тіркелді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғары өсуі Шымкент қаласында, ҚызылордаАқмолаАлматы және Түркістан облыстарында орын алды, - деді Әлібек Қуантыров.

 

Сондай-ақ министр 9 ай ішінде өндіріс көлемінің де біршама артқанын алға тартты. Еліміздің 16 өңірінде көрсеткіш көңіл қуантарлық деңгейге жеткен. Әсіресе Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында, Алматы қаласында артқанын атап өтті.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы