Елдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған заң қабылданды

Бүгін өткен Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Құжатта қаржылық бақылау тетігі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараны едәуір күшейту ұсынылған. Бұл қадам мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдардың, олардың жұбайларының кірістері мен шығыстарына толық талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Яғни 2027 жылдан бастап мұндай адамдарға мемлекеттік қызметші теріс себептермен жұмыстан шығарылғанға дейін әкімшілік жауапкершілік көзделетін болады. Сондай-ақ осындай себептер бойынша жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметші үш жыл бойы мемлекеттік, оның ішінде құқық қорғау органдарында қызмет атқара алмайды.

Сонымен қатар палата отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң да қабылданды. Бұл заң тазы және төбет тұқымдарын сақтауға арналған. Соған байланысты осы құжат арқылы тиісті салада жұмыстарды жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздері белгіленеді, сондай-ақ уәкілетті органның құзыреті бекітіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы