Елдегі орташа айлық 212 мың теңгеге жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың екінші тоқсанында орташа айлық жалақы 168,5 мың теңге болды, бір жыл ішінде 13,7 пайызға өскен, деп хабарлады Ranking.kz.
Инфляцияны есептегенде, қазақстандықтар жалақысының тұтыну қабілетінің шынайы өсімі 6,5 пайызға жеткен. Былтыр осы кезеңде орташа айлық жалақы 186,5 мың теңгені құраған болатын.Өңірлер бойынша ең үлкен жалақы дәстүрлі түрде Атырау және Маңғыстау облыстарына тиесілі ( 386,4 мың және 317,7 мың теңге). Үздік үштікте Нұр-Сұлтан қаласы бар (орташа айлық жалақы 282,5 мың теңге). Алматыда 238,7 мың теңгені құрады. Айта кету керек, жоғарыда аталған төрт облыста ғана жалақы республикалық деңгейден жоғары.
Сонымен қатар, ең төменгі орташа айлық жалақы Солтүстік Қазақстан (159,3 мың теңге) және Жамбыл (162 мың теңге) облыстарында тіркелді.
Ең жоғары жалақыны қаржы және сақтандыру саласының қызметкерлері алады: 386,8 теңге. Екінші орында - кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет: 326 мың теңге. Үштікте өнеркәсіп саласы бар: 273,8 мың теңге.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда Димаштың суреті салынған мурал пайда болды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы