Елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейі 55 731 теңгеге дейін өсті

Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, бұл көрсеткіш 55 731 теңгені құраған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бюроның мәлімдеуінше, жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі шілде айында 51 730 теңгеден тамыз айында 55 731 теңгеге дейін өсті.

Тамыз айында ең төменгі күнкөріс деңгейі бойынша көшбасшылар үштігіне Маңғыстау облысы (68 687 тг), Алматы (60 595 тг) және Астана (59 851 тг) қалалары кірді. Аутсайдерлер қатарында Түркістан (48 067 тг), Қызылорда (49 566 тг) және Жамбыл облыстары (51 453 тг) бар.

Жыныстық бөліністе ер адамдардың ең төменгі күнкөріс деңгейі 65 250 теңгені, ал әйелдерде – 51 768 теңгені құрайды. Сондай-ақ, зейнеткерлердің күнкөріс деңгейі шілдеде 48 389 теңгеден тамызда 51 227-ге дейін өскен.

Айта кетейік, республикалық бюджет 2025 жылдан бастап зейнетақыны ұлғайтуды жоспарлап отыр. Базалық зейнетақы төлемдері ұлғайтылады және 2025 жылы ең төменгі базалық зейнетақы 47 700 теңгені құрайды, ал 2027 жылға қарай 55 145 теңгеге дейін өседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы