Елдегі білім мен денсаулық сақтау саласында инвестиция төмендеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мәлімдеді. 

Ведомство басшысы елдегі инвестицияға тоқталды. 

Барлық негізгі сала бойынша өсім байқалды: тау-кен өнеркәсібі – 18,3%-ға (9,7 млрд доллар), өңдеу өнеркәсібі – 65,4%-ға (5,25 млрд доллар), сауда – 46,7%-ға (3,86 млрд доллар), қаржы және сақтандыру қызметі – 57,2%-ға (1,6 млрд доллар), құрылыс – 37,8%-ға (0,7 млрд доллар). Бұл ретте, инвестициялардың төмендеуі білім беру, денсаулық сақтау сияқты салаларда – 61,6%-ға (8,9 млн доллар), сумен жабдықтау – 74,4%-ға (10,9 млн доллар) байқалады, - деп атап өтті вице-министр.

Айтуынша, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша шетелдік инвестицияларды тартуда нысаналы көрсеткіштер 11 өңір бойынша асыра орындалған. 

Ең жоғары өсімді Түркістан (+260%), Маңғыстау облыстары (+214,7%) және Нұр-Сұлтан қаласы (+207,1%) көрсетті. Нысаналы көрсеткішке қол жеткізбеу Жамбыл (жоспардан 18,1%), Солтүстік Қазақстан (жоспардан 34,6%) және Ақмола облыстарында (жоспардан 53,3%) тіркелді, - деді Алмас Айдаров. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ол соңғы 5 жылда елімізге 20 млрд доллардан аса инвестиция тартылғаны туралы айтқан болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: primeminister.kz
Өзгелердің жаңалығы