Елдегі белгілі компанияда 2,5 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам жұмыс істейді

«Самұрық-Қазына» компанияларында 2,5 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар адам жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы ұлттық қордың корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек мәселелері және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов компанияда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, қор және оның портфельдік компаниялары мүмкіндігі шектеулі қызметкерлерге қатысты үнемі шаралар қабылдап отырады.

Бүгінгі таңда компаниялар тобында ерекше қажеттілігі бар 2 582 адам жұмыс істейді. Олар үшін түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, олардың қатарын қысқартылған жұмыс күндері, қосымша еңбек демалысы, сауықтыру орталықтарына жолдамалар құрайды, - деп түсіндірді басқарушы директор.

Сонымен қатар ол «Гендерлік теңдік» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанына тоқталды.

Нәтижесінде 68 көшбасшы әйелден тұратын пул қалыптасты. Оның 15-і Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға тәуелсіз сарапшылар мен спикерлер болып тағайындалды. Ал 16-сы директорлар кеңесі және қадағалаушы кеңестің мүшесі болды. Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр, - деді Ғибрат Ауғанов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Нұркен Алишев - архив
Өзгелердің жаңалығы