Елдегі барлық ХҚКО жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алайда, мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын eGov.kz порталынан алуға болады. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының тікелей эфирі арқылы өткен онлайн брифинг барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.
Президенттің тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңіріндегі Халыққа қызмет көрсету орталықтары жабылды. Алайда, мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын eGov.kz порталынан алуға болады. Сондай-ақ бірқатар қызметтер мен сервистер мобильді қосымшада, телеграмм мен әлеуметтік желілерде қолжетімді. Жақын арада онлайн қызметтер саны артады. Сонымен қатар, 1414 байланыс орталығы жұмыс істейді. Ол арқылы бір мезетте мыңнан астам адам кеңес ала алады. Кеңес беру бейне байланыс арқылы да қолжетімді, - деді министр.
Сонымен бірге, 21 наурызға дейін құжат тапсырған азаматтар құжаттарын сол тапсырған орталықтан 28 наурызға дейін алуға мүмкіндігі бар. Әр қалада бір ғана орталық анықталып, құжаттар сол жерден беріледі. Арнайы орталықтар да қызметтерін онлайн режимде жасайды. Құжаттар қолма-қол беріледі.
Әлемді жайлаған коронавирус індетінен сақтану үшін елімізде төтенше жағдай жарияланды. Сонымен қатар ел аймағында азық-түлік пен дәріханалардан басқа барлық мекемелер өз жұмысын тоқтатуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бірнеше өңірде балабақшалар жұмысын тоқтатты
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы