Елдегі барлық букмекерлік кеңселер екі қалаға көшіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында  букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар арнайы ойын аймақтарына көшірілуі мүмкін екені айтылды.

Мәжіліс ойын бизнесі туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасында Алматы облысы Талғар ауданының Алатау ауылдық округінде, Панфилов ауданының Пенжім ауылдық округінде және Маңғыстау облысы Каспий теңізінің жағалауында казино мен ойын автоматтары залдары орналасатын үш жаңа ойын аймағын ашу жоспарланған. Алайда бұл ұсыныс Мәжілістен қолдау таппады. 
Депутатардың ұсынысы бойынша қосымша үш ойын аймағын ашу туралы нормалар алып тасталды. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар қазір жұмыс істеп тұрған ойын аймақтарына ауысады,- дейді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Яғни,енді елдегі бүкіл букмекерлік кеңсе мен тотализаторлар Ақмола облысындағы Бурабай курорты мен Алматы облысындағы Қапшағай қаласына шоғырланатын болады.
Бізде не болып жатыр? Жұмыстан шыққан адам үйіне жеткенше жолдағы оншақты кеңселер арқылы өтеді. Қолындағы ақшаны соған салып, үйіне тапқан табысынан айырылып келеді. Егер ойнағысы келсе, көлікке отырып, елу шақырым ба, жетпіс шақырым ба, соған барып ойнайды, -деді Мәжіліс төрағасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы