Елдегі ауылдар үшін Ауғанстан несімен тиімді?
Қазақстанда шығарылатын ұнның 70 пайызын Ауғанстан сатып алады. Бұл жайында Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ауғанстан Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттаушы елдің бірі. Бүгінгі таңда Қазақстан экспорттайтын ұнның 70 пайызға жуығын Ауғанстан сатып алады. Соның нәтижесінде өткен жылы Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы тауар айналымы 988 миллион долларға жетті. Біз бұл көрсеткішті сақтап қана қоймай, оны арттыруды көздеп отырмыз, - деді ол Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.
Тумыштың айтуына қарағанда ауыл шаруашылығы еліміздің экономикасының маңызды құрамдас бөлігі болып отыр. Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылдық жерде тұрады. Сондықтан олардың мүддесін ескеріп, ауылда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығаруға қолайлы жағдай жасап, жан-жақты қолдау көрсету керек.
Осы орайда алдағы форумның тек екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытуға бағытталғанын тағы да атап өтемін, - деп түйіндеді сөзін вице-министр.