Елдегі әуежайлар мен вокзалдар спортшыларды Олимпиададағы жеңістерімен ерекше құттықтады

Еліміздің көлік инфрақұрылымының барлық нысандары қазақстандық спортшылардың фотосуреттерімен безендірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көлік министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, елдегі әуежайлар мен вокзалдардағы Олимпиаданың алғашқы жүлдегерлерін ерекше көрініспен құттықтады.

Сондай-ақ көлік саласының қызметкерлері (теміржолшылар, авиаторлар, жолшылар) қазақстандық спортшыларды Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарындағы жеңістерімен құттықтауда.

Еліміздің барлық республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында спортшымыз Елдос Сметовты жеңісімен құттықтаған жазулар пайда болды.

Ондағы экрандарда "Елдос Сметов, азамат!" деп жазылған.

Енді Олимпиада ойындары кезінде жол пайдаланушыларға соңғы ақпаратты осы экрандардан жариялайтын боламыз! – деді "ҚазАвтоЖол" компаниясынан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Көлік министрлігі
Өзгелердің жаңалығы