Елдегі әрбір төртінші сүт фермасы СҚО-ға тиесілі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов елдегі әрбір төртінші сүт фермасы осы өңірге тиесілі екенін айтты.  


Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы жай ғана астық өлкесі емес. Бұл ел халқын экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз ететін аймақ. Ең алдымен - сүт. Атап айтқанда, 8,6 млрд теңгеге жаңғыртудың арқасында «Маслодел» ЖШС мен «сүт одағы» жылына 247 мың тонна өнім шығара алады. Бұл кәсіпорындардың жүктемесін жаңа сүт фермаларын қамтамасыз етеді. Жоба 7 өңірде жұмыс істеп жатыр, - дейді Құмар Ақсалов.  

Оның айтуынша, биылғы жылдың өзінде өңірде тағы 11 ферманың құрылысын басталған. Бесеуі осы айда іске қосылады. Биыл еліміз бойынша жалпы 20-ға жуық ферма іске қосылатынын ескерсек, әрбір төртінші ферма Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі болады. 

Келесі жылы тағы 10 ферманың құрылысы басталады. Жалпы, 21 сүт-тауар фермасын іске қосу жыл сайын 51 мың тоннадан астам сүт өндіруге ғана емес, сонымен қатар 500 ауыл тұрғынын жыл бойы жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді, - дейді әкім.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы