Елдегі алғашқы автомобиль туннелін жазда пайдалануға беру жоспарланды

Көлік министрі Марат Қарабаев республикалық маңызы бар М-32 "Самара-Шымкент" күре жолының "Қызылорда-Сексеуіл" учаскесінде қолға алынған жұмыстарды тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылордадан Сексеуілге дейін қайта құру жұмыстарымен 463 шақырым жол қамтылады.

Сонымен қатар Шақпақ баба асуы арқылы өтетін елміздегі алғашқы автомобиль туннелінің құрылысы қашан аяқталатыны белгілі болды.

Биыл жазда Шақпақ баба асуы арқылы өтетін туннельдің құрылысын аяқтап, халыққа пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бетон және асфальтбетон жұмыстары толығымен аяқталды, сондай-ақ жарықтандыру орнатылды. Қазір бейнебақылау және газ құбырларын өткізу, желдету мен өртке қарсы құрал-жабдықтар орнату жұмыстары жүргізілуде. Басты жұмыстар аяқталды, - деп атап өтті автомобиль жолдары комитетінің өкілдері.

Ашылғалы жатқан туннель көлік жүргізушілеріне қыста Шақпақ баба асуында боранды күндері қар құрсауында қалып кетпеуіне жол ашады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы