Елде жыл соңына дейін ақбөкендер саны 2,6 млн-ға жетуі мүмкін

Еліміздегі ақбөкендердің саны жыл соңына қарай 2,6 млн-ға жетуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Көктемгі әуе есебінің нәтижелері бойынша, ақбөкенінің Оралдағы популяциясы 1 130 000 құрады. Ал Қазақстан бойынша 1 915 000 жетті. Болжамды деректер бойынша жыл соңында төлді ескерсек, ақбөкендердің жалпы саны шамамен 2,6 млн-ды құрайды, - деп Андрей Ким.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы