Елде жеделдетілген жеке куәлікті алу қанша тұрады?

Ел азаматының жеке куәлігін беру мерзімі 15 жұмыс күні. Қажет болса, бұл қызмет түрі жеделдетілуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төлқұжат үшін мемлекеттік баж – 8 АЕК (2022 жылдың 1 қаңтарында белгіленген АЕК) немесе 24 504 теңге. Қызмет көрсетудің стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні.

Алайда, қосымша төлем жасау арқылы бұл процесті жеделдетуге болады. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе тұрғындары процесті осы әдіс бойынша үш күннен бір жұмыс күніне дейін қысқарта алады:

1 жеделділік санаты – 1 жұмыс күніне дейін - 4 983 теңге;
2 жеделділік санаты – 3 жұмыс күніне дейін - 2 752 теңге.

 Облыс орталықтары үшін басқа әдіс қарастырылған:

1 жеделділік санаты – 3 жұмыс күніне дейін - 4 983 теңге;
2 жеделділік санаты – 5 жұмыс күніне дейін - 2 752 теңге.

Ал аудандар мен облыстардағы қалалар үшін тек үшінші санат қолжетімді: 1 116 теңге қосымша төлем арқылы 7 жұмыс күніне дейін жеделдете алады.

Баланың төлқұжатын рәсімдеу кезінде оның туу туралы куәлігін ұсынып, баж салығын төлеу қажет. Қызметке өтініш білдіру үшін баланың ата-анасының бірі келуі міндетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Zakon.kz
Өзгелердің жаңалығы