9 Қазан 2026, 22:10 Фото: ТЖМ телеграм каналы

Елде тұрғын үй секторындағы өрт 16 пайызға азайған

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құтқарушылар алдағы жылыту маусымына дайындықты күшейтіп, тұрғын үйлерді тексеріп жатыр.

Елде өткен жылыту маусымында тұрғын үй секторындағы өрт оқиғалары 16 пайызға азайған. Сондай-ақ өрт салдарынан қаза тапқандар саны 3,3 пайызға, ал жарақат алғандар 28 пайызға төмендеген. Мамандар мұны профилактикалық шаралардың нәтижесімен байланыстырады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құтқарушылар алдағы жылыту маусымына дайындықты күшейтіп, тұрғын үйлерді тексеріп жатыр.
 
Әсіресе, есепте тұрған 96 мыңнан астам әлеуметтік осал топтағы отбасының баспанасына ерекше назар аударылған. Сонымен қатар, «Ата-анаңның үйін тексер» акциясы аясында азаматтарға қарт туыстарының үйлеріндегі пештер мен электр сымдарының жай-күйін тексеру ұсынылады. Себебі ақауларды дер кезінде анықтап, қауіпсіздік талаптарын сақтау қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.
 
Газ және жану өнімдерінің қауіпті концентрациясы датчиктерін орнату тәжірибесі жалғасуда. Әкімдіктер мен еріктілерджің көмегімен ағымдағы профилактикалық акция басталғаннан бері 5000-нан астам датчик орнатылды. Өткен жылыту маусымы барысында тұрғын үйлерде 55 мыңнан астам датчиктер орнатылған, – деп мәлімдеді ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Руслан Қайрақбаев.