Елде тұрғын үй бағасы қалай өзгерді?
2022 жылдың маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында 145 жаңа ғимаратта 10 мың пәтер сатылымға шығарылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
korter.kz деректері бойынша, олардың орташа құны м2 үшін 388,5 мың теңге. Алматы қаласында бұл көрсеткіш 143 тұрғын үй кешенінде м2 үшін 543,7 мың теңге.
2022 жылдың қаңтар айынан бастап девелопер компаниялары ұсынған жылжымайтын мүліктің орташа құнының өсуі байқалды: Нұр-Сұлтан – 5,9%-ға, Алматы – 14,6%-ға.
Бастапқы жылжымайтын мүлік бағасының сегмент бойынша динамикасы
- I санат (таңдаулы). Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы таңдаулы тұрғын үй нарығында бір м2 үшін 740-749 мың теңге аралығында шамалы алшақтық байқалды. Маусым айына қарай тенденция өзгерді, Нұр-Сұлтан қаласында орташа баға 5,8%-ға төмендеп, бір м2 үшін 693 мың теңге, ал Алматы қаласында, керісінше, 14,7%-ға өсім байқалып, ол м2 үшін 849 мың теңге.
- II санат (бизнес). Бизнес санатындағы жылжымайтын мүліктің құны Нұр-Сұлтан қаласында 9%-ға, Алматы қаласында 8,5%-ға қымбаттады.
- III санат (жайлы). Нұр-Сұлтан қаласында жайлы тұрғын үй сегментіндегі жылжымайтын мүлік 11,9%-ға, Алматы қаласында 15%-ға өсті.
- IV санат (эконом). Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында эконом санатындағы тұрғын үй бағасы 2022 жылдың 2-ші жартыжылдығының басында бірдей деңгейде – м2 үшін 321 және 322 мың теңге. Елордада қолжетімді тұрғын үй 20%-ға қымбаттаса, Алматыда өсім 1%-дан аспайды.
Сұраныс
2022 жылдың басында сұраныс пен ұсыныс күтілген төмен деңгейде болды. 2021 жылдың соңына қарай мәмілелердің көпшілігі жабылып, ал қысқы мерекелерге байланысты нарықтағы ұсыныстар саны азайды.
Көктемгі кезеңде таңдаулы жылжымайтын мүлікке ұсыныстар көлемі 2 есеге өсті. 2022 жылдың 1-ші жартыжылдығында тұрғын үйге сұраныстың өсуі маусымдық нарық белсенділігі мен 2021 жылы кейінге қалдырылған сұранысқа байланысты болды. Маусым айында жылжымайтын мүлікті сатып алу бойынша операциялар саны 55%-ға өсті. Мамыр айында жылжымайтын мүлікке сұраныстың 17-20%-ға айтарлықтай төмендеуіне мерекелер мен «Баспана хит» және «7-20-25» ипотекалық бағдарламалардың тоқтатылуы себеп болды.
2022 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жаңа ғимараттар нарығының ерекшеліктері
- Нұр-Сұлтан қаласында 35 жаңа ғимарат және Алматы қаласында 59 жаңа ғимаратта сатылымдардың басталуы.
- Жыл басымен салыстырғанда сұраныстың 55%-ға артуы.
- Ұсыныстар көлемінің 2 есеге өсуі.
- Нұр-Сұлтан қаласында 5,9%, Алматы қаласында 14,6%-ға тұрғын үй бағасының өсуі.