Елде тұңғыш рет UMAI ұлттық сыйлығы тағайындалады

Отандық мәдениет пен өнер қайраткерлерінің шығармашылық жетістіктерін дамыту,насихаттау барысында тұңғыш рет UMAI ұлттық сыйлығы ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл сыйлық Қазақстанның шығармашылық ұжымдары мен жекелеген өнер қайраткерлеріне елеулі шығармашылық табыстары мен кәсіби жетістіктері үшін 4 номинация бойынша 19 премия табыс етіледі. «Театр өнері», «Музыкалық орындаушылық өнер», «Хореографиялық өнер», «Театрдағы бейнелеу өнері». Сондай-ақ 2022 жылғы сыйлық аясында «Үздік балалар спектаклі үшін» арнайы жүлдесі тағайындалды. Сыйлық «Балалар жылына» орайластырылған, - деді  Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.

Сыйлық мөлшерінің көлемі - ең төменгісі 2 000 000 теңгеден басталып, ең жоғарғысы - 10 000 000 теңгеге дейін. Номинанттардың жұмыстарын құрамына елдің белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері енген сараптау комиссиясының 12 мүшесі бағалайтын болады.

12 желтоқсанға дейін Сараптау комиссиясы алқалы түрде конкурстың финалистерін анықтайды (әр номинацияда бірден төртке дейін финалист). Финалистер хабарлама алып, Астана қаласында өтетін сыйлықты марапаттау рәсіміне шақырылады.  23 желтоқсанда «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өтетін марапаттау рәсімінде Umai сыйлығының лауреаттары жарияланатын болады. Сондай-ақ, жас отандық жазушыларға мемлекеттік қолдау көрсету, жас ақындар мен жазушыларға жаңа есімдерді ұлықтау мақсатында жыл сайынғы «Айбоз» арнайы әдеби сыйлығы тағайындалды, -деді Дәуешов.

Аида БАТЫРБЕКҚЫЗЫ

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы