Елде төрт айда 3,7 мыңға жуық жол апаты орын алып, 563 мың адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Статистикаға сәйкес, 2022 жылы төрт айда 3,7 мыңға жуық жол апаты орын алып, салдарынан 5,6 мың адам зардап шекті. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,9% өсім барын көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, 563 мың адам қаза тапты (22,9%-ға өсті), оның ішінде 42-і – кәмелетке толмаған балалар, 145-і әйелдер және 418-і ер адамдар.

Жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендер арасындағы кәмелетке толмағандардың үлесі 15,7% (1000 және 856) құрайды. Олар негізінен автокөлік құралдарының соқтығысуынан зардап шеккен.

195 қоғамдық көліктің қатысуымен 190 ЖКО орын алды, онда 17 адам қаза тапты және 238 адам жараланды (162 көліктің қатысуымен – 159 ЖКО, онда 27 адам қаза тапты және 218 адам жараланды).

Талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының 85%-дан астамы жүргізушілердің кінәсінен орын алады (3245, 2021 жылы – 2656), оның ішінде 138-і (131) алкогольдік немесе есірткілік мас күйде болған. Жол апатынан зардап шеккендердің ішінде 30-39 жас аралығындағы адамдар – 20,7% (1164), сондай-ақ 21-29 жас аралығындағы жастар – 20,4% (1151), – делінген ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінде.

Жол апатына кінәлі 30-39 жас аралығындағы адамдар – 988, сондай-ақ 21-29 жас аралығындағы жастар – 907. 60 және одан жоғары жастағы қарттар – 244.

Жол апаттарының көп бөлігі немесе 2 707 (2 103) елді мекендерде жасалған, 747-і (630) халықаралық, республикалық маңызы бар трассаларда, 327-і (323) облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда тіркелген.

Жол апаттарының ең көп саны сенбі күні – 615, дүйсенбі күні – 569 және сәрсенбіде – 566, сондай-ақ күндіз – 2597, түнде – 415 және күн батқаннан кейінгі мезгілде 771-і орын алған.

Ең көп жол-көлік оқиғасы құрғақ – 3783, дымқыл – 600, қарлы – 297, мұзды – 115 жолда жасалған.

Халық тығыз қоныстанған қалалық ортада жылдамдық режимін реттеу өлімді азайтудың маңызды факторы болып табылады. Атап айтқанда:

  • жылдамдықтың артуына байланысты 851 (790) ЖКО орын алды;
  • маневр жасаудың ережелерін бұзу салдарынан 612 (344) ЖКО орын алды;
  • артықшылықтың берілмеуінен 522 (362) ЖКО орын алды;
  • жол қиылыстарынан өту ережелерінің бұзылуына байланысты 230 (174) ЖКО орын алды;
  • қашықтықты сақтамау салдарынан 165 (113) ЖКО орын алды;
  • қарсы жүріп өту немесе басып озу салдарынан 195 (169) ЖКО орын алды;
  • басқа да өрескел бұзушылықтар 252 (276) болып табылады.​

Бұрынғыдай апаттардың ең көп саны Алматы қаласының жолдарында орын алады – 960 жағдай, ал ең жоғары өлім көрсеткіші Алматы облысында анықталды, онда 128 адам қайтыс болды. Елордада 162 ЖКО тіркелді, – делінген ресми хабарламада.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жолдарда жауапкершілік танытуға, ал ата-аналарды балаларының жол қозғалысы ережелерін сақтауына мұқият болуға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы