Елде телерадиоарналарды ретрансляциялау тоқтатылады

18 қаңтарда сағат 03:00-17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желі сервистері жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы уақытта Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы