Елде резеңке жабындар өндірісі 16,7 есеге өсті

Биыл қаңтар-наурыз айларында елімізде резеңке жабындар өндірісі 16,7 есеге өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен жылдың осы кезеңінде 18,9 тонна резеңке үгіндісі өндірілсе, биылғы жылы - 316,4 тоннаға жетіп отыр.

«QazIndustry» АҚ ТМК және химия өнеркәсібін дамыту дирекциясы мамандарының пікірінше, өндірістің жоғары өсім көрсетуі Марокко еліне өнім экспортының айтарлықтай өсуімен және Аргентина, Бразилия және Сенегалда жаңа нарықтардың пайда болуымен байланысты.

Өндіріс

Қаңтар-наурыз

2023 ж.

Қаңтар-наурыз

2024 ж.

Резеңке жабындар (резеңке үгінділер), тонна18,9316,4

Резеңке үгіндісі - бұл автокөлік шиналарының қалдықтарын ұнтақтау нәтижесінде пайда болатын дисперсті материал. Ол түйіршік түрінде шығарылады және тозуға төзімділігі жоғары болып келеді. Резеңке үгінділері қауіпсіздігі жоғары тақтайшалар мен жабындар жасау үшін қолданылады. Негізінен тұрғын үй аулаларындағы балалар алаңдары мен спорт алаңдарында, автотұрақ аумақтарында және т.б. төселеді.

Үгінділер таза күйінде бокс грушаларына, қаптарға салынады. Сондай-ақ, түйіршіктер футбол алаңдарына жайылып, содан кейін үстінен жасанды шөп жабыны төселеді. Резеңке үгінділері әрлеу құрылыс материалдары және автокөлік аксессуарларын жасауға да пайдаланылады.

Қазақстанда резеңке жабындарының өндірісімен «ЭКО Шина», «Kazakhstan Rubber Recycling», «New Eco City» және т.б. кәсіпорындар айналысады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив
Өзгелердің жаңалығы