Елде қанша педагог бар?

2021-2022 оқу жылындағы еліміздегі жалпы педагогтар саны 555 014 адам, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Былтырғы оқу жылының басында мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтар саны 96 723 адам, оның ішінде:

30 жасқа дейінгі педагогтар – 22,7% (21 931 адам)

30-дан 39 жасқа дейінгі педагогтар – 32,4% (31 363 адам)

40-тан 49 жасқа дейінгі педагогтар - 26,1% (25 259 адам)

50-ден 59 жасқа дейін – 16,2% (15 662 адам)

50 жастан жоғары – 2,6% (2 508 адам)

зейнеткерлік жаста – 2,5% (2 445 адам).

Мектепке дейінгі ұйымдардағы ағылшын тілін меңгерген ұстаз саны 3 826 адам. Жалпы білім беретін мектеп ұстаздарының өткен оқу жылында 385 830 адамды құрайды, оның ішінде 80% -дан астамы әйелдер (311 623 адам).

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқытушылар саны жоғарыда аталған кезеңде 36 083 адам, оның ішінде әйелдердің үлесі – 72% (25 985 адам).

Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басында оқытушылардың негізгі (штаттық) құрамының саны 36 378 адам. 

Оның ішінде академиялық дәрежесі бойынша:

  • 13 818 адам магистр – 38%
  • 11 116 адам ғылым кандидаттары – 30,5%
  • 3 410 адам философия докторлары (PhD) – 9,4%
  • 2 649 адам ғылым докторлары – 7,3%
  • 138 адам бейіні бойынша доктор – 0,4%.

Магистр академиялық дәрежесі бар оқытушылардың ең көп саны Алматы қаласында (4 489 адам), одан кейін Астанада (1 387 адам) және Қарағандыда (1 230 адам).

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқытушылардың негізгі саны 40 және одан жоғары жас тобына тиесілі – 45% (16 368 адам), 30-39 жастағылар – 25% (9 079 адам), зейнет жасындағылар – 18,8% (6 842 адам), 30 жасқа дейінгілердің үлесі – 11,2% (4 089 адам). 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы