Елде қанша кеме бар

Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылы теңіз көлігімен тасымалданған жүк көлемі 1,1 млн тоннадан асты. Осылайша өткен жылы теңіз көлігімен 1 193,7 мың тонна тасымалданды — бұл 2021 жылмен салыстырғанда 46,8% артық. (2021 ж. – 812,9 мың тонна).

Теңіз тасымалының жүк айналымы 2022 жылы 681,9 млн ткм, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23,3% артық. (2021 ж. – 552,8 млн ткм).

Өткен жылы теңіз көлігімен 89,2 мың адам тасымалданды.

Естеріңізге сала кетейік, елде 2022 жылы 282 теңіз кемесі тіркелген. Олардың ішінде баржалар, мұнай құю кемелері, құрғақ жүк тасымалдау, қамтамасыз ету кемелері және т.б. бар. Пайдалану мерзімі бойынша кемелердің 23% шыққан жылы 25 жылдан асқан, 22% 16-дан 20 жылға дейін, тағы 26,6% 11-ден 15 жылға дейін, теңіз көлігінің 9,9% шыққан жылы 5 жылдан аз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ Архив
Өзгелердің жаңалығы