Елде пайдалануға берілген тұрғын үй рекордтық көрсеткішке жеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылы елімізде 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл рекордтық көрсеткіш, деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкіметтің елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған отырысында.
Оның айтуынша, бұл өткен жылы пайдалануға берілген тұрғын үймен салыстырғанда 16,8 пайызға жоғары. Айтарлықтай өсу Нұр-Сұлтан қаласында байқалды. Мұнда қолданысқа берілген тұрғын үй 1,7 есеге өскен. Ал төмендеу Қызылорда (-20%) және Атырау (-10,4%) облыстарында тіркелді.
Министр сондай-ақ, жалпы құрылыс саласындағы көрсеткіштерге тоқталды.
Құрылыс секторында 1, 2 пайыз деңгейінде жоғары өсу байқалады. Қызылорда облысын есепке алмағанда, барлық өңірлерде өсу тіркелді. Қызылордада көрсеткіш 27 пайызды деңгейінде болып тұр, -деді ол.Құрылыс жұмыстарының жоғары өсуін Түркістан (65,8%) облысы және Шымкент қаласы (41,3%-ке) көрсеткен.
Бұған дейін министр мұнай өндірісінің қысқаруы кен өндіру өнеркәсібін төмендеткені туралы айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы