Елде не арзандап, не қымбаттады

2023 жылғы желтоқсанда тұтыну бағаларының айлық индексі баяулап, 0,8% болды (2023 жылғы қарашада – 1%). Азық-түлік тауарларының бағасы 0,9%, ақылы қызметтер – 0,8%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,5% өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Азық-түлік тауарлары арасында баға тәтті бұрыш пен жүзімге – 5,4%-дан, жұмыртқаға – 4,1%, жаңа піскен жемістерге 2,1% өсті. Бағаның өсуі алкогольді сусындарға – 1%, жеміс және көкөніс шырындарына 1,1% байқалды.

Кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне баға – 4,2%, шаштараздар мен сұлулық салондары қызметтеріне – 1,6%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 1,2% өсті. Әуе жолаушылары көлігі қызметтерінің бағасы 12,8% төмендеді.

Ағымдағы жылдың желтоқсанында бағаның өсуі электр жылытқышқа – 1,2%, ағаш отынына – 0,7%, тас көмірге 0,6% байқалды. Дәрілердің бағасы 1,1% өсті.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Атырау облысында – 1,4% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төменгі – Ұлытау, Ақтөбе Павлодар облыстарында 0,3%-дан тіркелді.

Өңірлер бойынша ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Алматы қаласында – 1,3%, азық-түлік емес тауарлары – Астана қаласында және Батыс-Қазақстан облысында 1,5%, ақылы қызметтер Атырау облысында 4,1% өсті.

Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өзгеруі

пайызбен, өсуі

 2023 жылғы желтоқсан
2022 жылғы желтоқсанға2023 жылғы қарашаға
Тауарлар мен қызметтер9,80,8
Азық-түлік тауарлар8,50,9
Азық-түлік емес тауарлар9,10,5
Ақылы қызметтер12,40,8

2023 жылғы желтоқсанда жылдық мәндегі инфляция деңгейі 9,8% (20,3 - желтоқсан 2022гг). Азық-түлік тауарларының бағасы – 8,5%, азық-түлік емес тауарлар – 9,1%, ақылы қызметтер 12,4% өсті.

2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда қырыққабат – 47,9%, жүзім – 45,1%, күріш 34,3% қымбаттады. Баға парацетамолға – 76,2%, ацетилсалицил қышқылына – 51,4%, белсендірілген көмірге 26,8% өсті. Керісінше, жылдық мәнде қарақұмық жармасы – 22,6%, күнбағыс майы – 18%, құмшекер 15,8% арзандады.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.

Бюро ай сайын инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткішін есептейді. Біз жалпы алғанда 508 позиция бойынша қызметтер мен тауарлардың тарифтер мен баға өзгерісін бақылаймыз. Бағаларды тіркеу барлық облыс орталығында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір шеңберінде әртүрлі меншік нысанындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі, – деп түсіндірді бюроның баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлы.

*2023 жылғы қаңтардан бастап, тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 41,8%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 29,6%, ақылы қызметтер 28,6% құрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы