Елде наурыз-мамыр айындағыдай карантин енгізілуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде өткізілген кеңес барысында айтты.
Биылғы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында мемлекеттік комиссияға екі күн мерзімде осы жылдың наурыз-мамыр айларындағы қолданыста болған қатаң карантин енгізу мәселесі бойынша ұсыныс әзірлеп, енгізуді тапсырамын, - деді Мемлекет басшысы.Президент қазақстандықтарды үрейге бой алдырмауға шақырды.
Иә, бұл қауіпті ауру, оны емдеу үшін вакцина жоқ. Бірақ бұл жағдайда үрейге, оның үстіне, құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуге, дәрігерлерді балағаттауға және санитарлық режимді бұзбаған жөн. Науқастар алаңдаушылық пен пессимизмге түспеуі керек. Емделумен қатар, адамның жақсы физикалық және рухани жағдайы оның тез емделуіне ықпал етеді.
Денсаулық сақтау министрлігі мен санитарлық дәрігерлердің ұсынымдары мен талаптарын қатаң сақтау қажет. Біздің барлық күш-жігеріміз еліміздің басты байлығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекеттік тапсырыс бөлуде біраз түйткіл бар – Ғалымжан Елшібай
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы